Қостанай облысы бойынша МКД
«Чекті талап ет – сыйлықты ұтып ал»
2016 жылғы 2 желтоқсанда Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қараша айы қорытындысы бойынша «Чекті талап ет – сыйлықты ұтып ал» республикалық акцияның бірінші кезеңіндегі жеңімпаздарды анықтады.
2016 жылғы 6 желтоқсанда бағалы сыйлықтар үш жеңімпазға және акцияның белсенді қатысушысына табыс етілді, олар:
1. Акерке (Қостанай ауданы), чек №2577587, сыйлық - мультиварка;
2. Никита (Қарабалық ауданы), чек №2803240, сыйлық – ұялы телефон;
3. Ирина (Таран ауданы), чек №2920734, сыйлық – электр үтігі.
Сондай-ақ акцияның ең белсенді қатысушысы, чектерді ең көп жинаған Бахытқа (Қостанай қ-сы) жұбаныш сыйлығы табыс етілді.
Барлығы қараша ішінде қатысушылар 34 182 чек жолдады.
Акция 2016 жылғы 15 желтоқсанға дейін жалғасатынын және басты сыйлық автомобиль ұтысы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде өткізілетінін еске саламыз.
Автомобильді ұтып алуда 2016 жылғы 01 қазаннан бастап 15 желтоқсанға дейін жолданған чектер қатысады. Акцияға шарттарға сәйкес келетін чектер қатысады, яғни, чекте мына реквизиттер болуы керек: ЖСН/БСН, күні және уақыты, сома, фискальді белгі.