Date of publication: 26.05.2023 16:28
Date of changing: 26.05.2023 16:29

Мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибесін, үздік кәсіби білімі мен дағдыларды таратуды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін айқындау және оларды ынталандыру жүйесін жетілдіру мақсатында жыл сайын «Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық конкурсы өткізіледі. Конкурсқа қатысуға мемлекеттік қызметтегі өтілі бір жылдан кем емес, құжаттарды қарау кезінде алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ мемлекеттік қызметшілер қатыса алады. Конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері (лауазымды тұлғалар) немесе мемлекеттік қызметшілердің өздері осы Әдістемелік ұсынымдардың 5-тармағында көрсетілген талаптарға сай үміткерлер ұсынылады.
I кезең- конкурс өңірлік (облыстық) деңгейде Өңірлік конкурстық комиссиялар арқылы өткізіледі.
II кезең – Республикалық байқау комиссиясы өткізетін республикалық деңгейдегі конкурс.
Осы конкурсқа қатысушылардың бірі Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы-Дүзелбаева Жәния Батырқызы болды, ол мемлекеттік кірістер органдарын абыроймен таныстырып, конкурстың екінші кезеңіне өтті. Құттықтаймыз!