Жария ету бойынша маңызды
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жария ету субъектілерінен келіп түскен көптеген сұрақтарға байланысты келесіні хабарлайды.
Мүлікті жария ету мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйекте басталып 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.
Құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікті ұсыну үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2016 жылғы 30 қарашада аяқталды (әкімдіктер жанындағы комиссияға құжаттарды тапсыру мерзімі). Әкімдіктер бағыты бойынша комиссия арыздарды қарау мерзімі 30 күнтізбелік күн және 30 желтоқсанда (жұма) аяқталады.
Басқа мүлікті (сонымен қатар ақшаны) жария ету үшін құжаттарды беру мерзімі 2016 жылдың аяқталуына 5 жұмыс күнінен кешіктірмей аяқталады, яғни - 2016 жылғы 23 желтоқсаннан кешіктірмей. Мемлекеттік кірістер органдарының бағыты бойынша декларацияларды қарау мерзімі – 5 жұмыс күні және 30 желтоқсанда аяқталады. 23 желтоқсан өтіп кеткеннен кейін мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері тиісті декларацияларды қабылдауға құқығы болмайды (заңнамамен белгіленген мерзімде поштамен жіберілетіндерді есептемегенде). Барлық декларациялар 30 желтоқсанды қоса есептегенде қаралу қажет.