Қайырымдылық көмек
2016 жылғы 15 желтоқсанда Жетіқара ауданы бойынша МКБ және «Жетіқара» кеден бекеті «Жетіқара балалар және жасөспірімдерге арналған жетімдер үйі» КМК-ға қайырымдылық көмек көрсетті. Аталмыш шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «25 қайырымды іс» акциясын жүзеге асыру шеңберінде өткізілді. Жетімдер үйінің тәрбиеленушілері мерекелік концерттік бағдарлама өткізді. Мерекеге барлығы 43 бала қатысты.





























