
2023 жылғы 15 маусымда«Жастарға жұмыс» жобасы шеңберінде Қостанай облысының орталық алаңында консультациялық кездесу және бос орындар жәрмеңкесі өтті. Осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттік органдарға түлектермен өзара әрекеттесу үшін ашық және қол жетімді болуға мүмкіндік береді. Жәрмеңкеде жастар мемлекеттік қызметшінің мәртебесі, Мемлекеттік кірістер органдарында жұмыс істеу перспективалары туралы, сондай-ақ Мемлекеттік қызметке орналасу үшін конкурстық рәсімдерге қатысу шарттарына қатысты ақпарат алды.
Департамент талантты және белсенді жастарды тарту жөніндегі іс- шараларға тұрақты негізде белсенді қатысады.