Date of publication: 20.06.2023 17:30
Date of changing: 20.06.2023 17:31

2023 жылғы 14 маусымда Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы кезекті "Ашық есік күнін"өткізді. Салық төлеушілерге өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді, сауалнамадан өтуді ұсынды және "е-Salyq Azamat" "е-Salyq Business", "SalyqBot" – цифрлық салық консультанты мобильді қосымшаларының артықшылықтары туралы айтып берді. Сондай – ақ, "Азаматтық бақылау-Чекті талап ет" пилоттық жобасын іске асыру туралы және салықтық және кедендік әкімшілендірудің басқа да өзекті тақырыптары туралы мәлімет берілді.

Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы