Date of publication: 20.06.2023 17:34
Date of changing: 20.06.2023 17:35

Қостанай қаласының орталық базарында, тексеру іс-шаралары барысында, Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарынсыз өткізуді тоқтатты.

Шетелдік өндірістен алынған контрафактілік өнімдердің жалпы саны (Fast, Marlboro, Oris, Oscar, Crown, Mancester) 8160 қорабы тәркеленді.

Анықталған фактілер бойынша әкімшілік іс қозғалды, материалдар сотқа жіберілді.

Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері облыста 218,9 мыңнан астам қорап аңсыз темекі анықтап тәркіленді.

Департаментте 2020 жылдың қазан айынан бастап барлық импортталған темекі Қазақстан аумағына әкелінгенге дейін сәйкестендіру құралдарымен таңбалануы тиіс екенін еске салды.