
Көлік құралдары
салығы бойынша берешекті өндіріп
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешекті өндіріп алу бойынша рейдтік іс-шараларды жалғастыруда.
Осылайша, 2023 жылғы 23 маусымда «К» борышкерге тиесілі CHEVROLET AVEO көлік құралы салығы бойынша 45 000 теңге қарызы бар автокөлік құралына тыйым салынды. Автокөлік құралы берешегі толық өтелгенге дейін арнайы тұраққа қойылды.
Қостанай қаласының көлік құралдары салығы бойынша қарызы бар азаматтарына жақын арада төлем жасауды еске саламыз.
Қарызды e-SalyqAzamat мобильді қосымша, салық төлеушінің кабинеті арқылы, сондай-ақ (87142)28-40-27, (87142)28-30-31 телефон нөмірлері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына қоңырау шалу арқылы білуге болады.
Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірітсер басқармасы