Date of publication: 27.06.2023 10:11
Date of changing: 27.06.2023 10:12

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке кәсіпкердің әдейі банкроттық жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлайды.

Қостанай облысы бойынша Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімі бойынша 2021 жылғы қаңтарда «Д» жеке кәсіпкер 185 миллион теңгеден астам берешегіне байланысты банкрот деп танылды.

Жүргізілген талдау бойынша, әдейі банкроттық белгілерін және борышкердің төлем қабілетсіздігіне (дәрменсіздігіне) әкеп соққан әрекеттерді анықтау тәртібіне сәйкес, ведомство Мемлекеттік кірістер mдепартаменті «Д» ЖК қатысты әдейі банкроттықтың белгілері туралы қорытынды жасады деп хабарлайды.

Осылайша, «Д» ЖК 2 бірлік көлемінде тұрғын үй және жер учаскелері түріндегі сыйға тарту шарттары, сондай-ақ банкроттық рәсіміне дейінгі үш жылдық кезеңде мүлікті 2 бірлік көлемінде автокөлік құралдары түрінде иеліктен шығару бойынша жұбайының меншігіне иеліктен шығару жолымен салық берешегі есебінен өз мүлкін билік етудегі шектеуден жасыруға бағытталған құқыққа қайшы әрекеттер жасады.

Осы факт бойынша «Д» ЖК қатысты ҚР ҚК 238-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен «Д» ЖК ҚР ҚК 238- бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 5 (бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі, коммерциялық кәсіпорындар және ұйымдарда 3 (үш) жыл мерзімге ұйымдық-өкімдік лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, кінәлі деп танылды.