Date of publication: 10.07.2023 16:11
Date of changing: 10.07.2023 16:11

Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде 2023 жылғы 8 маусымнан бастап
веб-нұсқада ЭЦҚ авторизациялаудың баламасы ретінде QR-кодтың көмегімен
авторизациялау мүмкіндігі берілген.
       QR-коды арқылы авторизацияны таңдау кезінде:
1. "Жүйеге кіру" - "QR көмегімен кіру" түймесін басыңыз;
2. Ұялы телефонда қосымшаны ашып, eGov mobile-ға кіріңіз;
3. EGov mobile басты бетінде "eGov QR" түймесін басыңыз;
4. ЭШФ АЖ веб-порталында көрсетілген QR-кодты ұялы телефон арқылы сканерлеп,
қол қойыңыз, содан кейін экранда "қол қою сәтті орындалды!» хабарламасы
көрсетіледі.
       Әрі қарай логин мен парольді енгізу қажет.
       Авторизация жұмысы бойынша QR-код арқылы сұрақтар туындаған жағдайда
esfsd@kgd.minfin.gov.kz электрондық поштаға хабарласуыңызды сұраймыз немесе
байланыс орталығының 8 (7172) 72-78-72 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.