Date of publication: 12.07.2023 17:57
Date of changing: 12.07.2023 17:58

2023 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік кірістер комитеті жеңілдетілген декларация немесе бөлшек салық негізінде СНР қолданатын ЖК әкімшілендірудің өзге тәртібі бойынша пилоттық жобаны іске қосты .
Әрбір кәсіпкер ерікті негізде пилоттық жобаға қатысатын электрондық сауда алаңына өтініш беру арқылы пилотқа қатыса алады.
Пилоттық жобаға қатысу түзетуді ескере отырып, электрондық сауда алаңдарымен іске асыру құны туралы мәліметтерді ай сайын жіберуді, ҚР ҚМ МКК бюджетке төленуге жататын салық сомаларын есептеуді, пилоттық жобаға қатысатын сатушыларға пуш-хабарламалар жіберуді көздейді.

Бұл кәсіпкерге не береді:
-кірістерді есепке алу және салық есептілігін толтыру уақытын үнемдеу;
-салықтық тексерулердің тәуекелдерін азайту;
-ай сайынғы төлем кезінде біркелкі жүктеме-салықты төлемеу қаупін жою;
-қызмет көрсететін банктің қосымшасында ыңғайлы салық төлеу