Date of publication: 13.07.2023 09:52
Date of changing: 13.07.2023 09:53

2023 жылғы 12 шілдеде «Жастарға жұмыс» жобасы шеңберінде Қостанай облысының орталық алаңында консультациялық кездесу және бос орындар жәрмеңкесі өтті. Осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттік органдарға түлектермен өзара әрекеттесу үшін ашық және қол жетімді болуға мүмкіндік береді. Жәрмеңкеде жастар мемлекеттік қызметшінің мәртебесі, Мемлекеттік кірістер органдарында жұмыс істеу
перспективалары туралы, сондай-ақ Мемлекеттік қызметке орналасу үшін конкурстық рәсімдерге қатысу шарттарына қатысты ақпарат алды.

Департамент талантты және белсенді жастарды тарту жөніндегі іс-шараларға тұрақты
негізде белсенді қатысады.