Date of publication: 14.07.2023 15:59
Date of changing: 14.07.2023 16:00

Ағымдағы жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялауды енгізу
250.00 нысанындағы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны
мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің
қызметкерлері және олардың жұбайлары беруге міндетті 2-кезеңді
жалғастырды.
Мұндай тұлғаларға білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт,
ветеринария және т. б. қызметкерлері және олардың жұбайлары, сондай-ақ
мемлекет қатысушысы немесе акционері болатын ЖШС, АҚ, КЕАҚ және
олардың жұбайлары жатады.
1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 80 мыңға жуық
декларация немесе декларациялауға жататын декларациялар санының 93%
ұсынылды.
Декларацияны электронды түрде берудің соңғы мерзімі 15.09.2023
жыл. Осыған байланысты, 250.00 нысаны бойынша әлі есеп
бермегендерге алдын ала беруді ұсынамыз.
2 кезең үшін декларацияны толтыру жөніндегі міндетті ережелер:
- салық кезеңі - 2023 жыл
- декларация түрі - бастапқы
- "В" санаты, 31.12.2022 жылғы жағдай бойынша мәліметтер.
Декларацияны электронды түрде үйден шықпай, салық төлеушінің
кабинеті (cabinet.salyk.kz) немесе e-salyq azamat мобильді қосымшасы
арқылы ұсынуға болады.
Осы мәселе бойынша түсініктеме алу үшін тұрғылықты жері бойынша
МКБ немесе Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментіне 53-49-51, 53-58-71 телефондары бойынша хабарласуға
болады.