
Бүгін, 28 шілдеде, Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде
аумақтық басқармалар басшылар мен басшылар орынбасарларының, Департамент
басқармалары мен бөлімдердің басшылары қатысуымен Сейілжан Ахметовтың
төрағалығымен 2023 жылғы 1 жартыжылдық қызметінің қорытындысы бойынша кеңейтілген
алқа отырысы өткізілді.
Облыс бойынша Мемлекеттік кірістер органдары жұмысының қорытындылары шығарылды,
сондай-ақ ағымдағы жылға арналған міндеттер айқындалды және тапсырмалар берілді.
Кеңес барысында Сейілжан Әділханұлы Мемлекеттік кірістер органдарының көрсеткіштері
бойынша негізгі жетістіктерін атап өтті.
2023 жылғы 1 жартыжылдық республикалық бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар
100,7% орындалды (жоспар бойынша 105,7 млрд. теңге, 0,7 млрд. теңгеге асыра орындаумен
106,4 млрд. теңге түсті), өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 26,1% немесе 37,6 млрд.
теңгеге төмендеді.
2023 жылғы 1 жартыжылдық жергілікті бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 117,2%
орындалды (жоспар бойынша 74,6 млрд. теңге, 12,8 млрд. теңгеге асыра орындаумен 87,4
млрд. теңге түсті), өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 20,0% немесе 14,6 млрд.
теңгеге өсті.
Алқа қорытындысы бойынша аумақтық департаменттерге бюджетке салықтық және кедендік
түсімдер жоспарын орындау, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту, сондай-ақ
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты жалғастыру тапсырылды.