
Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы
ғимаратының акт залында салық төлеушілер мен консалтингтік компаниялар
үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына өзгерістер енгізу
бойынша семинар өткізілді.
Семинарды заң бөлімінің бас маманы Ж.Т.Тұрғанова ашып, онлайн-БКМ
қолданудың салық заңнамасына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірмелер
берді. Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін және
банкроттығын қалпына келтіру, салықтарды есепке жатқызу мен қайтаруды
жүргізу, төлемдер, өсімпұлдар, айыппұлдар, «E-Salyk Azamat» мобильді
қосымшасы, «SalykBot» цифрлық салық консультанты Азаматтарды жалпыға
бірдей декларациялау Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы,
«Азаматтық бақылау-чекті талап ет» пилоттық жобасы, мемлекеттік қызмет
көрсету стандарттары және басқа да өзекті тақырыптар.
Салық төлеушілерге Қостанай қаласы бойынша МКБ өкілдері толық
жауап берген көптеген сұрақтар қойылды.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы