Date of publication: 31.08.2023 17:00
Date of changing: 31.08.2023 17:01

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Қостанай облысы білім басқармасының «Жан ұя» отбасылық үлгідегі балалар ауылы» КММ қарамағындағы ұйымның балаларына жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясы аясында материалдық қолдау көрсетті.
Кіші және жоғары буын оқушыларына оқу үшін қажетті кеңсе тауарлары: дәптерлер, мұқабалар, түрлі-түсті қарындаштар мен фломастерлер, түрлі – түсті қағаздар және тағы басқа тауарлар сатып алынды.
Осылайша, бірнеше жыл қатарынан Департамент қамқорлықтағы ұйым басшылығының келісімі бойынша біздің оқушыларға кеңсе тауарларын, мектеп формаларын, рюкзактар сатып алуға жәрдем көрсетіп келеді. Білім күні мерекесі мен оқу жылының басталуы қарсаңында біз барлық балаларға, оқушыларға, студенттерге қызықты және жемісті оқу жылын тілейміз, сіздерге әрбір күн жаңа жетістіктер, қуаныштар мен ұмытылмас жаңалықтар әкелсін!