
2023 жылғы 6 қыркүйекте Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы кезекті "Ашық есік күнін"өткізді. Салық төлеушілерге "Е-Salyq Azamat" "е- Salyq Business", "SalyqBot" – цифрлық салық консультанты мобильді қосымшаларын қолданудың артықшылықтары түсіндірілді, тауарлардың электрондық саудасы және "Азаматтық бақылау – Чекті талап ет"пилоттық жобасы туралы егжей- тегжейлі баяндалды. Сондай-ақ, келушілердің барлық сұрақтарына жауап берілді.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы