
Бейімбет Майлин ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мемлекеттік кірістер органына жүгіну себептерін, салық төлеушінің күтулерін және олардың мемлекеттік қызмет көрсетуге қанағаттанушылықтарын анықтау мақсатында тұрғындар арасында сауалнама жүргізді.
2023 жылдың 9-13 қазан аралығында 350 салық төлеушіге сауалнама жүргізілді. Оған жеке тұлғалар, жергілікті салық төлеушілер, зейнеткерлер қатысты.
Жүргізілген сауалнама нәтижесі қатысушылардың қызметкерлердің жұмысына қанағаттандырылатынын, мемлекеттік қызметтердің екі тілде, сапалы және жедел түрде жүргізілетінін көрсетті.
Бейімбет Майлин ауданы бойынша МКБ