
2023 жылғы 13 қазанда Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Қостанай қаласы әкімдігімен бірлесіп Челябі мемлекеттік университетінің Қостнай филиалының 4 курс студенттерімен кездесу өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты студенттерге жеке кәсіпкер ретінде қалай тіркелу керектігін, арнайы салық режимдері, ұйымның қызметі, мемлекеттік қызметшінің мәртебесі, салық заңнамасының нормалары және басқа да өзекті тақырыптар туралы айту. Заң бөлімінің бас маманы Жанна Тұрғанова жоғарыда аталған тақырыптар бойынша түсініктеме беріп, кездесу барысында туындаған сұрақтарға толық жауап берді.
Жанна Дүйсенбекқызы аталған іс- шараға қатысушыларға алғысын білдіріп, жадынамалар табыс етті. Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы