БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Уақиға: Қостанай облысы бойынша Мемлкеттік кірістер департаменті Қостанай облысының әкімдігімен және Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту бойынша Үкіметтік реформалар туралы салықтөлеушілермен семинар өткізді.
Іс-шаралардың негізгі мақсаты: Қазақстанның «Doing Business» дүниежүзілік банк рейтингінің бірінші 30 елдің қатарына кіру шеңберінде Үкіметтің реформасын түсіндіру.
Семинарға қатысушылар:
- ЖК және заңды тұлғалар;
- «Нұр Отан» партиясының өкілдері;
- «Қазақстан фермерлер кеңесі» Қостанай филиалы;
- БАҚ өкілдері (теледидар, баспа құралдары).
Семинарды Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Марат Макенович Ескендиров ашты.
«Халықаралық сату» тақырыбы бойынша Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмысы басқармасының бас маманы Батырбек Ахметович Абатов түсіндірді.
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмысы басқармасының бас маманы Бауржан Утегенович Ерменов ҚР Үкіметімен өткізілетін келесі бағыттар бойынша реформалар туралы әңгімелеп берді:
- «Салық салу»;
- «Төлем қабілетсіздігін шешу»;
Жоғарыда айтылған тақырыптар бойынша кәсіпкерлер палатасының өкілі А.С. Нурсаитова ҰКП жұмысымен таныстырды.
МКД және ҰКП қызметкерлерінің сөз сөйлеулерінен кейін «Сұрақ-жауап» форматында талқылау өтті.
Өткізу күні және уақыты: 2015 жылғы 23 сәуір, сағат 15.00-де.
Өткізу орны: Қостанай қаласы бойынша МКБ мәжіліс залы, Мәуленов көшесі, 21.