Date of publication: 07.02.2017 18:46
Date of changing: 07.02.2017 18:50

Еуразиялық экономикалық одағы жаңа 2017 жылға ЕуАзЭО мемлекеттерінің басшылары қол қойған жаңа Кеден кодексімен кіреді.

Мемлекетіміздің заманауи экономикалық өміріне кеден саясатының өте маңызды екенін айтатын болсақ, ол жаңалық емес. Мемлекетіміздің кеден саясаты  Қазақстан мен ЕуАзЭО сыртқыэкономикалық қатынастарда шешуші роль атқарады.

Еуразиялық экономикалық одақ  шеңберінде әрекет етуші халықаралық келісімдерді үлестіру, тез дамыған заманауи технологиялық электронды байланысты назарға алу, кедендік іс-шараларды оңтайландыруға бағытталған бизнес-қауымдастықтың ұсыныстары, нарықтың талаптарына сәйкес және бірінші кезекте мемлекеттің және азаматтардың экономикалық мүддесін қолдайтын жаңа кодекс жасалды.

Жаңа  кеден кодексіндегі маңызды өзгертулер мен жаңалықтарды бөліп қарайтын болсақ:

1) Электрондық декларациялау басымдықтары, қағазсыз технологиямен өзара әрекеттестік жаңа кодексте тікелей бекітілген. Электрондық кедендік декларациялау кедендік  іс-шаралардан тез өту үшін  және бюрократтық кедергілерді алуға негіз болады.

2)  Кеден органдарына алдын ала ақпараттарды ұсыну процессі едәуір жетілгенін атап өткен жөн. Жаңа кодекс бойынша алдын ала ақпараттарды электронды сандық қол қоюға болады және бірнеше кедендік операциялар үшін пайдалануға болады. Бұл ақпарат келу туралы хабарлама, транзиттік декларация, көлік құралына декларация ретінде, сондай-ақ тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін құжат ретінде пайдалануға болады.

Сондай-ақ, осындай ақпараттарды талдау нәтижесі туралы алдын ала ақпараттарды ұсынған тұлғаны хабардар ету қажеттігі туралы кері байланыс та бекітілген.

Сонымен қатар, алдын ала ақпараттарды өткізу пункттерінде өз қызметтерін іске асырушы басқа бақылаушы органдар да пайдалануға болады, ол өз кезегінде шекарадағы бақылаудың  барлық процессінен өтуді едәуір жылдамдатады.

3) Кедендік іс-шаралар және брокерлік компаниялардың қатысуынсыз, кеден органдары кедендік декларацияларды толтыруға мүмкіндік жолымен альтертативтік таңдау енгізу.

4) Тауарларды шығару мерзімі  1 жұмыс күнінен 4 сағат жұмыс уақтысына дейін қысқартылды.

5) Барлық сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға пайызын төлеп, кедендік бажды төлеу бойынша 1 айға дейін, сондай-ақ өндірістік қайта өңдеу үшін және мемлекеттік тапсырыс шеңберінде  әкелінетін төтенше жағдайларды жою үшін қажетті тауарлар үшін 6 айға дейін кейінге қалдыру түрінде жаңа жеңілдіктер енгізілді. Осыған орай, әкелу кедендік баждарын төлеу мерзімін кейінге қалдыру әкелу кедендік баждарын төлеу бойынша міндеттемелердің орындалу шарты барысында ұсынылады.

6) Қазақстан тарапының бастамасымен декларацияны ұсынуға дейін шығару қолданылған тауарлар тізімін кеңейту туралы ұсыныс қабылданды. Енді бос кеден аймағында, бос қоймада, кеден аумағында қайта өңдеу кедендік процедурасында орналастырылған тауарлар үшін ұлттық заңнамамен бекітілген жағдайда декларацияны ұсынуға дейін шығару қолданылуы мүмкін.

Осындай норма инвестициялық преференциялар қолданылатын тауарларға қатысты тауарлар үшін, сондай-ақ  уәкілетті экономикалық оператор мәртебесіндегі сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар және  Еуразиялық экономикалық комиссия анықтайтын тұлғалар тізімі   үшін әрекет ететін болады.

7)  Жаңа кодексте уәкілетті экономикалық операторлардың (УЭО) институты  қайта құрылған, ол енді куәліктің 3 түріне бөлінеді және тәуекелдің төменгі деңгейіне жатады.

УЭО куәліктің 1 түрі Еуразиялық экономикалық одақтың  барлық  аумағында тауарларды тасымалдауға байланысты жеңілдіктермен пайдаланатын болады.

1 түрі халықаралық тасымалдаушы  ЕЭО барлық елдерінде танылады, және оларға транзит кезінде бақылаудың қосымша шаралары оның ішінде  қаржылық кепілдемені ұсыну қажеттігі қаралмайды.

Куәліктің 2 түрі  бар УЭО куәлікті берген мемлекеттің аумағында тауарларын сақтау және декларациялау бойынша жеңілдіктерді пайдаланады.

Куәліктің 2 түрі  бар тұлға келген тауарларды кедендік тазарту кезінде, уақытша сақтау қоймаларында орналасқан және қосымша уақыт пен қаржысыз, кедендік операцияларсыз жеңілдетілген және оңтайландырылған тәртіпте өтеді.

Куәліктің  3  түрі  УЭО үшін әмбебап болады, оған  куәліктің  1 және 2  түрінде қарастырылған жеңілдіктер кешені қолданылатын болады.

          Операторлар үшін негізгі жеңілдік бұл кедендік операциялар жүргізуді  жеңілдету  және оңтайландандыру – кедендік операциялардың бірінші кезектегі тәртібі, транзит кезінде  қамтамасыз етуді жеткізбеу, тасымалдау бағытын анықтамау, декларация ұсынуға дейін шығару, кедендік операцияларды УСҚ бөлмелерінде жүргізу және сақтау,пилоттық жобаларға қатысу басымдыға және тб.

8)  Әлемдік тәжірибеде үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен келетін тұлғаларға DUTY FREE дүкендерінде тауарларын тарату әдетке айналған.

9) Қазақстан Республикасындағы еркін айналым кедендік процедурасында орналасқан және жеңілдіктер ұсынылған кедендік бақылаудағы тауарлардың тәжірибеде ұзақ мерзімде екенін ескере отырып, 2010 жылдың 1 шілдесіне дейін ресімделген шартты шығарылған тауарларды бақылаудан алу механизімі қарастырылған. Енді жаңа кодексте белгіленген мерзім – 2015 жылдың 2 шілдесі, осы мерзіммен осындай тауарлар бақылаудан алынады және кедендік төлемдерді төлеу бойынша міндеттері тоқтатылады.

10)  Кедендік өкілдердің қызметтерін қолайлы етіп реттеу мақсатында, жаңа кодексте кедендік өкілдер үшін төлемдерді төлеуді қамтамасыз ету көлемі  Еуразиялық экономикалық комиссиясының Кеңесінің құзырына кіреді – бұл орган Екі тараптың Премьер-Министрі орынбасарының  деңгейінде.

11)  Жаңа кодекс Екі тараптың ұлттық заңнамаларына 300 қайта жолдау нормалары бар, олар негізінен жалпы процесстер аясында емес процедуралық мәселелерге қатысты.

Егер ұлттық заңнаманың құзыреттерінің негізгі бағыттарына тоқталсақ, онда ол алдын ала ақпараттарды ұсынбағандардың  жауапкершілігін анықтау мүмкіндігі,  міндетті алдын ала декларациялау жағдайларын анықтау,бажсыз сауда процедураларында тауарларды таратуға рұқсат етілген орындарды анықтау, уәкілетті экономикалық оператор және т.б. үшін қосымша талаптарды  белгілеу  мүмкіндігі болады.

12) Кодекстегі келісімдердің аяқталуындағы негізгі мәселе жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін тауарларды тасымалдау нормасының мәселесі болып табылады.

Кеден кодексі күшіне енгеннен кейін бажсыз тасымалдау нормаларын кезеңімен төмендету туралы шешім қабылданды:

Жерде жүретін көлік түрлерімен әкелінетін тауарларға қатысты:

- 1 жылдың ішінде - 50 кг/ 1000 евроға дейін;

- 2 жылдың ішінде - 35 кг/ 750 евроға дейін;

- 3 жылдың ішінде - 25 кг/ 500 евроға дейін  тасымалдау жиілігін есепке алмағанда.

Халықаралық пошта жөнелтілімдері және экспресс-жүктерде әкелінетін тауарларға қатысты:

- 1 жылдың ішінде -  айына 500 евроға дейін;

- 2 жылдың ішінде -200  евроға дейін, тасымалдау жиілігін есепке алмағанда.

Еуразиялық экономикалық одақтың кеден кодексіндегі өзгерістер мен жаңалықтарды талдай отырып, жаңа кеден кодексі түрінде кедендік реттеу  ұлттық экономиканы қорғау ғана емес, мемлекеттің сыртқы экономикалық мүдделерін үлестіруге, және жандандыру, сауықтандыру ары қарай көтеру мақсатында оның құрылымының  қайта  жүргізілуіне ықпал етеді.

 

Түсіндіру жұмысы басқармасы