Корпоративтік табыс салығын төлеу мерзiмдерi мен тәртiбi
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы хабарлайды Салық төлеушiлер корпоративтік табыс салығын төлеудi орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеудi тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша жүргізеді.
Салық төлеушiлер корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi бюджетке салық кезеңi iшiнде әр айдың 25-інен кешiктiрмей, әрбір ай үшін енгізуге мiндеттi.Салық кезеңi iшiнде бюджетке енгiзiлген аванстық төлемдер сомасы есепті салық кезеңi үшiн корпоративтік табыс салығы жөнiндегi декларация бойынша есептелген корпоративтік табыс салығын төлеу есебiне есепке жатқызылады.
Салық төлеушi салық кезеңiнің қорытындысы бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша төлемдi декларация табыс ету үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн күнтізбелік он күннен кешiктiрмей жүзеге асырады.
Қостанай қаласы бойынша МКБ