Өңірлік кәсіпкерлер палатасында Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бизнес субъектілері үшін жалпыға бірдей декларациялау бойынша семинар өткізді.
Спикер ретінде түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Зарина Бекмұхамедова сөз сөйледі. Ол декларацияларды толтыру кезінде қандай сұрақтар жиі туындайтынын айтып, семинар барысында кәсіпкерлерден туындаған сұрақтарға жауап берді