Date of publication: 21.02.2017 13:02
Date of changing: 21.02.2017 13:15

Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы

Ардақ Мырзабайұлы Теңгебаев Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы бойынша

Қостанай облысында бір қатар кездесулерді өткізді

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ардақ Мырзабайұлы Теңгебаев "Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы бойынша бір қатар кездесулерді өткізді.

Қостанай бизнесі, банк саласы «Атамекен»  ҰКП өкілдерінің, Қостанай ауданы активінің түсіндіру бойынша республикалық ақпараттық топтың мүшесі А.М.Теңгебаевпен кездесу және оған сұрақ қою мүмкіндігі туды.

А.М.Теңгебаев «СарыАркаАвтоПром» ЖШС-ға барып, авто және жүк машиналардың толық жиналу циклімен танысты. Сондай-ақ Нұрлы жол қол жетімді баспана бағдарламасы бойынша салынып жатқан үйлерге де барып қайтты.

Кездесу мақсаты: Жолдаудың негізгі принциптері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу.

Экономиканың жеделдетілген техникалық жаңғыруы үшінші жаңғырудың түйінді басымдықтардың бірі болып табылмақ. Бұл цифрлық технологиялар базасында жаңа болашақ салалардың ашылуы.

Бизнес-ортаны кеңейту, жаппай кәсіпкерлік үшін жағдайды жақсарту, сондай-ақ мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту маңызды болып табылды.

Сондай-ақ Жолдаудың басты міндеттердің бірі салықтық-бюджеттік саясатты жаңа экономикалық ақиқатқа келтіру болып табылады. Бюджеттік шығындар тиімділігін арттырумен қатар, бизнесті «көлеңкіден» шығаруды, шикі зат емес секторда салықтық базаны кеңейтуді, қолданыстағы салықтық жеңілдіктердің оңтайландырылуын жүргізуді, жалпы декларациялау қарсаңында арнайы салықтық режимдерді қарауды, салықтық әкімшілендіру механизмдерін жақсартуды, соның ішінде қосымша құн салығын өндіріп алуды ынталандыру бойынша нақты мақсат берілді.

Кездесу барысында көптеген сұрақтар қойылды, барлық айтылған мәселелер және ұсыныстар зерттеп білу және одан әрі іс-шараларды пысықтау кезінде ескеру үшін берілді.

Қостанай облысы бойынша МКД баспасөз қызметі