«Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы
№ 24 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 14,
171-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік кірістер органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік кірістер органдары алатын кедендік алымдардың ставкалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2017 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 21 қаңтардағы
№ 24 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік кірістер органдары алатын кедендік алымдардың ставкалары
Кедендік төлемдердің атауы |
Теңгемен ставкасы |
1 |
2 |
Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар |
тауарға арналған декларацияның негізгі парағы үшін 25000 теңге; тауарға арналған декларацияның әрбір қосымша парағы үшін 11000 теңге |
Кедендік алып жүру үшін кедендік алымдар |
50 км дейінгі қашықтыққа 5000 теңге, 50-ден 100 км дейінгі қашықтықта 7000 теңге, 100-ден 200 км дейінгі қашықтықта 11000 теңге, 200-ден 400 км дейінгі қашықтықта 52000 теңге, 400-ден 600 км дейінгі қашықтықта 72000 теңге, 600-ден 800 км дейінгі қашықтықта 114000 теңге, 800-ден 1000 км дейінгі қашықтықта 155000 теңге, 1000-нан 1500 км дейінгі қашықтықта 210000 теңге, 1500-ден 2000 км дейінгі қашықтықта 299000 теңге, 2000-нан 2500 км дейінгі қашықтықта 353000 теңге |
Алдын ала шешім үшін төлем |
29000 теңге
|