2017 жылдан бастап салық кодексіндегі өзгерістер тақырыбына
Лисаков қаласы бойынша МКБ семинар өтті
2017 жылдан бастап салық кодексіндегі өзгерістер туралы тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында өткізілді. 2017 жылдың 9 ақпанында Лисаков қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы ғимаратының акт залында семинар өтті. Бұл кездесуге заңды тұлғалар, қаланың жеке кәсіпкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Түсіндіру сөзімен Лисаков қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшы орынбасары Ж.М. Өтепова сөз бастап, «Қазақстан Республикасының салық салу және кедендік әкімшелендіру сұрақтары бойынша кейбір заң актілеріне өзгертілер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының қабылданған Заңына қысқаша түсінік берді. Атап айтқанда, электронды түрде шот-фактураларды міндетті шығаруға кезең-кезеңмен өтуге құруға қабылданған өзгерістер, «мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережесі» тармағының жүзеге асуы, шетелдік қаржыландыру, медециналық сақтандыруды енгізу және т.б. айтылды. Есеп берушілер электронды шот-фактураларды шығарудың қағаз тасымалдаудан артықшыларын, ЭШФ-ға қалай тіркелуге болатыны және ол үшін не қажет екенін
түсіндіріп кетті. «төлемдер және төлем жүйелері сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы толықтай түсіндірілді. Шетел азаматтарынан қаржы, мүлік алу үшін, қаржыны және басқа да мүліктерді алу және жарату ақпараттарын салық органдарына хабарлауға және ұсынуға жататын салықтөлеушілердің санаттары айтылды. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап медециналық сақтандыру енгізілетінін аудиторияға хабарлады. Салық заңнамаларын түсіндіріп болғасын диалог жалғасын тапты. Салықтөлеушілерден кімдер 017,018 форманы ұсыну керек, медециналық сақтандырудың төлеушілері кімдер, төлемнің өлшемі, ЭШФ-ға қалай тіркелі керек және т.с.с. сұрақтар қойылды.
Лисаков қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы