Date of publication: 03.07.2024 17:14
Date of changing: 03.07.2024 17:17

Қостанай облысы бойынша МКД камералдық мониторинг бөлімінің басшысы Рүстем Құсалин "Атамекен"ӨКП алаңында заңсыз тасымалдаушылармен күрес бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылауға қатысты. Кеңеске қатысушылар өз баяндамаларында бүгінгі күні статистика мен жағдайды айтты.

Өз кезегінде Рүстем Болатұлы тіркелмеген тасымалдаушыларды анықтау бойынша Мемлекеттік кірістер органдары қандай шаралар қабылдап жатқанын айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Құрметті салық төлеушілер!

Кәсіпкерлік қызметті тіркеусіз жүзеге асыру фактілері анықталған жағдайда, орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына, сондай-ақ Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне 53-56-13 телефон нөмірі бойынша жүгіне аласыз.