Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бақылау-кассалық машиналарды пайдалануға қатысты арыз-шағымдардың көбеюіне байланысты қаладағы базарлар мен сауда үйлерінде бақылау-кассалық машиналарды қолдануға қатысты салық заңнамасын түсіндіру бойынша бақылау іс-шараларын жүргізді.
Кәсіпкерлерге Салық кодексінің 166-бабының 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ҚКМ пайдалану кезінде тауар, жұмыс, қызмет үшін төленген сомаға ККМ чек немесе сату түбіртегі берілетіні ескертілді.
Бұл ретте, төлем карталарын және (немесе) мобильді төлемдерді пайдалана отырып, электрондық сауда алаңы (STB, Kaspi pay, Kaspi Store және т.б. веб-қызметтері) арқылы төлемді қабылдау кезінде сатушыға сатып алған күні тауар, жұмыс және қызмет үшін төленген соманы тексеру.
Сондай-ақ, аталған іс-шаралар аясында Қостанай қаласының орталық базарында жалдамалы жұмысшыларды тарта отырып, мемлекеттік кірістер органдарында тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысып жүрген азамат анықталды. Әкімшілік іс қозғалды.
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлік қызметті тіркеусіз жүзеге асыру ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салады.
Тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу туралы мәліметтер болса, орналасқан жеріңіз бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына немесе Мемлекеттік кірістер департаментіне 53-56-13 телефоны бойынша хабарласыңыз.