Date of publication: 10.07.2024 16:45
Date of changing: 10.07.2024 16:47

2024 жылғы 10 шілдеде Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының акциздерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Байжанова Гулнар Гайыпназаровнаны зейнеткерлік жасқа толуымен құттықтады.

Департамент басшысы Сатжан Ұзақбаев кәсіпқойлық және еңбек этикасы жылдарына алғысын білдіріп, лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны үшін Құрмет грамотасын табыс етті.

Гүлнар Ғайыпназарқызы Қостанай облысы бойынша салық комитетіне 2002 жылы акцизделетін өнімнің (СҚАБ) өндірісі мен айналымын мемлекеттік бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан аумақтық басқармасының таратылуына байланысты бас маман болып келді.

Ол өзін сауатты маман және өз ісінің маманы ретінде көрсетті.
Қойылған міндеттерге жауапкершілікпен қарайды, өзіне жүктелген міндеттерді адал орындайды. Бірнеше рет мақтау қағаздарымен марапатталды. Гүлнар Ғайыпназарқызы өзінің еңбек жолын өз ұжымында жалғастыру туралы шешім қабылдады.

Гүлнар Ғайыпназарқызы! Туған күніңізбен шын жүректен құттықтауларды қабыл алыңыз! Сізге зор денсаулық, амандық, сарқылмас қуат және барлық мәселелерде сәттілік тілейміз.