Date of publication: 11.07.2024 12:58
Date of changing: 11.07.2024 13:00

Тағайындау
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының 2024 жылғы 11 шілдедегі № Ж-198 бұйрығымен Қайыркеш Басшұғұлұлы Рахметов Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алтынсарин ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Рахметов Қайыркеш Басшұғұлұлы 1977 жылы 24 наурызда Қостанай облысының Қарасу ауданында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1994 жылы бастаған.
Қарасу және Қарабалық аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасын, "Қостанай-кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекетін, ірі салық төлеушілер басқармасын басқарды.
Алдыңғы жұмыс орны-аудит басқармасының аудит отелінің басшысы.
Жалпы еңбек өтілі-28 жыл, оның ішінде мемлекеттік қызметте - 22 жыл.