
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда кезең кезеңімен жалпыға бірдей декларациялау енгізілді.
Жалпыға бірдей декларациялаудың негізгі міндеті:
• әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру;
• жеке тұлғалардың кірістерін бақылаудың тиімді механизмін құру;
• сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес;
• көлеңкелі экономика деңгейінің төмендету.
Мәселен, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 250.00 нысанындағы «кіру» декларациясын мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсырды.
Екінші кезеңде, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап, резидент жұмыскерлерді қоспағанда, мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсырды.
Үшінші кезеңде, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны бейрезиденттерді, коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшылары (қатысушылары) мен акционерлерді қоспағанда, заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсырады.
Төртінші кезеңде, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - азаматтардың қалған санаттары (мысалы, жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқалар) тапсырады.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларация декларация табыс етілген жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде активтер мен міндеттемелердің болуы туралы ақпаратты көрсетуге арналған:
• шетелдегі жылжымайтын мүлік және көлік;
• шетелдік банктердегі ақша 3,5 млн. теңгеден жоғары (1000 АЕК);
• шетелдік компаниядағы қатысу үлесі;
• бағалы қағаздар, сандық активтер (биткоиндер және т. б.);
• ҚР-дағы және (немесе) одан тыс жерлердегі үлестік қатысу шарты (тұрғын ғимараттағы үлесі) ;
• инвестициялық алтын;
• зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;
• 34,5 млн. теңге (10 000 АЕК) шегінде қолма-қол ақша;
• басқа тұлғалармен нотариалды куәландырылған қарыз шарттары. Бұл ретте жеке тұлғалар көрсетілген шарттарды (31.12.2023 ж. дейін жасалған) 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін куәландыруға құқылы;
• 31.12.2023 ж.жағдай бойынша құны 3,5 млн. теңгеден (1000 АЕК) асатын басқа мүлік (қалауы бойынша) (мәдени құндылықтар, зергерлік бұйымдар және т. б.) – тәуелсіз бағалаушыларда бағалауды декларацияны тапсыру мерзіміне дейін - 2024 жылғы 15 қыркүйекте жасау қажет.
Кірістер мен мүлік туралы декларация жеке тұлғалардың ақпаратты көрсетуге арналған:
• Кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістерді қоспағанда, жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын кірістері;
• салық шегерімдері;
• Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мүлікті және (немесе) өтеусіз алынған мүлікті сатып алу, иеліктен шығару;
• шетелдік банктердегі ақша 3,5 млн. теңгеден жоғары (1000 АЕК);
• шетелдегі жылжымайтын мүлік және көлік;
• шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздары, цифрлық активтер;
• инвестициялық алтын;
• шетелдік компаниядағы қатысу үлесі;
• басқа тұлғалармен нотариалды куәландырылған қарыз шарттары. Бұл ретте жеке тұлғалар көрсетілген шарттарды (31.12.2023 ж.дейін жасалған) 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін куәландыруға құқылы.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары мүлікті сатып алу және (немесе) иеліктен шығару туралы, сондай-ақ ҚР-да және шетелде мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері (жылжымайтын мүлік, көлік, компанияға қатысу үлестері, бағалы қағаздар, цифрлық активтер, инвестициялық алтын және т. б.) туралы мәліметтерді көрсетеді.
* Мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар банк салымының сомасына қарамастан, Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктерде ақшаның болуы туралы ақпаратты көрсетеді.
Декларацияны (250.00, 270.00) тапсыру мерзімі - 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін.
Декларацияны: (cabinet.salyk.kz) салық төлеушінің кабинеті (egov.kz) "Электрондық үкімет" порталы және «е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы, «eGov mobile», Kaspi.kz, Halyk, bcc.kz. электрондық сервистер арқылы тапсыруға болады