Date of publication: 01.03.2017 12:49
Date of changing: 01.03.2017 17:56

 

Қостанай облысында Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметімен қаланы жасылдандыру және абаттандыру саласында жастарды жұмыспен қамту «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасы шегінде бөлінген бюджеттік қаражаттарды жымқырудың қылмыстық схемасы анықталып, жолы кесілгенін хабарлайды. 

         Тергеудің дерегі бойынша құрамында «Жасыл Ел» Қостанай облыстық филиалының басшысы бар бірнеше тұлғалар тобы, сонымен қатар төрт жеке кәсіпорындардың басшылары 2014-2016 жылдар бойы ойлап табылған тұлғаларға жалған жәрдемақыларды рәсімдеу жолымен 16 млн. теңге жымқыруға ниеттенген.

Ұсталғанға текті уақытта аталған тұлғалар 10 млн.  теңгеден астамы заңсыз алып үлгерген.

Іс бойынша 7 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды, басшысы және негізгі орындаушысы қамауға алынды. 8 млн. теңгеден астам сомаға тең мүлік және ақшалай қаражаттар тәркіленіп, 2 млн. теңгеден астамы  мемлекетке өз еркімен қайтарылды.

Қылмыстық іс өндіріспен аяқталды және сотқа жолданды.

 

 

                    Қостанай облысы бойынша МКД баспасөз қызметі