
2024 жылғы 30 шілдеде Қостанай қаласы бойынша МКБ мамандары салықтық әкімшілендіру бойынша Қостанай қаласының шағын дүкендерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесудің мақсаты салық төлеушілердің кері байланысы, салықтық әкімшілендірудің өзекті тақырыптары бойынша түсіндіру және енгізілген жалпыға бірдей декларациялау жүйесінің 250.00 және 270.00 нысандарын тапсыру бойынша практикалық көмек көрсету. Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы