Date of publication: 26.08.2024 15:16
Date of changing: 26.08.2024 15:20

2024 жылдың 23 тамызында Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшы міндетін атқарушы Ж.И. Акилбекованың қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында Жанат Ілиясқызы жалпыға бірдей декларациялау бойынша ақпарат берді, жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін және банкроттықты қалпына келтіру тетігін айтып берді.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты жалпыға бірдей декларациялау, жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігі мен банкроттығын қалпына келтіру тетігі бойынша ақпарат беру болып табылады.

Дөңгелек үстел барысында салық заңнамасындағы бірқатар өзгерістер түсіндірілді, атап айтқанда: бақылау кассалық машинасын пайдалану, бөлшек салық, ТИС, "e-Salyq Azamat", "e-Salyq Business" мобильді қосымшалары, "SalyqBot" сандық салық консультанты, "Азаматтық бақылау - Чек талап ет" акциялары Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер "және басқа да өзекті тақырыптар.

Дөңгелек үстел барысында консалтингтік ұйымдардың өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Шараға қатысушылардың барлығына жадынамалар табыс етілді

Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы