Date of publication: 29.08.2024 09:51
Date of changing: 29.08.2024 10:09

Көлік салығын, жеке тұлғалардың мүлкін уақтылы төлемегені үшін мерзімі  өткен әрбір күн үшін өсімпұл есептеледі, борышкерге-берешек туралы хабарлама,  салық  бұйрығы  жіберіледі.                                      
Салық бұйрығы орындалмаған жағдайда атқарушылық құжаттың негізінде жеке сот орындаушылары берешекті мәжбүрлеп өндіріп алуды жүргізеді:   тіркеу  әрекеттерін  шектеу,  салық  төлеушінің  елден  тыс жерлерге шығуы,  борышкерді, банктік  шоттарды және өзге де мүлікті қамауға  алу,  көлік  құралын  айыппұл салуға қамауға алу, жүргізуші куәлігінің  қолданылуын  тоқтата  тұру.                                                
Сонымен қатар, сот шығындары қарыз сомасының 25% - на дейін өндіріліп  алынады.                                                                            
Алдыңғы кезеңдердегі салық берешегі туралы ақпаратты ҚР Мемлекеттік  кірістер  комитетінің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсынан және «Электрондық  үкімет»  порталында «Электрондық сервистер», «Салық берешегінің  жоқ  (бар) екендігі туралы мәліметтер» бөлімінде, азаматтың ЖСН бойынша  көруге болады. Туындаған мәселелер бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына жүгіну қажет, қызметкерлердің байланыс телефондары –Мемлекеттік  кірістер  департаментінің  интернет-сайтында  орналастырылған. Қостанай  қаласының салық төлеушілері 28-18-32, 28-17-01, 28-40-27, 28-00-89 телефондары  бойынша  ақпарат ала алады. Сонымен қатар, салық берешегі болған жағдайда жеке тұлғалар шот ашу, ақша аудару және кредит ресімдеу бойынша банктік қызметтерді ала алмайтынын хабарлаймыз.                                                                                
Осыған байланысты, Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық берешегінің бар екендігі туралы мәліметтерді тексеруді, бар  болса  қарыздарын  өтеуді  ұсынады.