Date of publication: 02.09.2024 15:06
Date of changing: 02.09.2024 15:06

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың 8 шілдесінде Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"Заңға қол қойғанын хабарлайды. Осы Заңмен халықтың ойынға тәуелділігін төмендетуге бағытталған шектеу және ынталандыру нормалары енгізілуде.
Құмар ойындарға және бәс тігуге тыйым салынған адамдардың тізімі кеңейтілді. Олардың қатарына Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тұрған тұлғалар (атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер туралы мәліметтерді қамтитын электрондық деректер банкі) қосымша жатқызылды. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың оларға қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу енгізу арқылы құмар ойындарға/бәс тігуге қатысуы шектелген.
2024 жылғы 19 наурызда "букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтердің қағидаларын, тізбесін және нысанын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің №160 бұйрығына қол қойылды.
2024 жылғы 20 наурызда бұйрық Әділет министрлігінде № 34167 болып тіркелді және 2024 жылғы 28 мамырдан бастап күшіне енді. Бүгінгі таңда барлық букмекерлік кеңселер МКК ақпараттық жүйесімен сәтті интеграцияланған және мәліметтерді штаттық режимде береді. Енді мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары да құмар ойындар мен бәс тігуге қатыса алмайды. Шектеуді сақтамағаны үшін оларды жұмыстан шығару көзделген. Бүгінгі таңда барлық букмекерлік кеңселер МКК ақпараттық жүйесімен сәтті интеграцияланған және мәліметтерді штаттық режимде береді.