
1. «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» заңда қандай рәсімдер көзделген?
- соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру;
2. Соттан тыс банкроттық кезінде борышкер қарызды кімнің алдында төлей алады?
- банктер, МҚҰ және коллекторлық агенттіктер;
3. Борышкер сот банкроттығы кезінде қарызды кімнің алдында төлей алады?
- барлық кредиторлар алдында қарыздардың барлық түрлері бойынша;
4.Борышкер банкрот деп танылғаннан кейін оның салдары қандай болады?
- Банктерден және микроқаржы ұйымдарынан 5 жыл қарыз алуға тыйым салынады;
- Қайта банкроттық 7 жылдан кейін мүмкін;
- Банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде мүлікті сатып алуды бақылау (мониторинг) жүзеге асырылады.
5.Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот банкроттығы рәсімдері аяқталғаннан кейін қандай міндеттемелер тоқтатылмайды?
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды алуға құқығы бар адамдарға алимент төлеу;
- адамның өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу;
- «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туындайтын талаптар;
- қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша залалды өтеу, сондай-ақ сот шешімі бойынша өндіріп алынатын бюджетке төленетін төлемдер.