Date of publication: 01.10.2024 17:53
Date of changing: 01.10.2024 17:54

1 қазанда бүкіл әлемде Қарттар күні атап өтіледі. Бұл мереке 1990 жылдың 1 қазанынан бастап Бас Ассамблеяның қаулысымен атап өтілуде.
Бұл күн жақындарына, туыстарына, достарына, әріптестеріне жылы лебіздерін білдіруге тамаша мүмкіндік.
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері шетте қалмай, 45 ардагерді құттықтады. Көп жылғы адал еңбегі және қызметтің дамуына үлестерін қосқаны үшін алғыс айтылды.
Сіздердің еңбектеріңізде үлкен тәжірибе бар. Әсіресе білімдеріңіз жастардың бастамасымен бірге үлкендердің өмірлік даналығы қажет болатын қазіргі жағдайда өте маңызды.
Құрметті Мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлері! Сіздерді шын жүректен мерекемен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, физикалық және рухани күш, жақындарыңызға деген сүйіспеншілік пен көңіл, амандық пен ұзақ өмір тілейміз!