Date of publication: 03.10.2024 17:41
Date of changing: 03.10.2024 17:41

Халықаралық қарттар күнімен құттықтау дәстүрін Қостанай қаласы бойынша МКБ қызметкерлері көптеген жылдар бойы сақтап келеді.

Бұл мереке аға буын өкілдеріне олардың жасын еске салу емес, көп жылдық адал еңбегі, бай өмірлік тәжірибесі, мейірімділігі мен даналығы үшін алғыс сөздерін айтуға тамаша мүмкіндік.

Зейнеткерлерге мереке күніне сыйлықтар табыс етіліп, мерекелік түскі ас берілді.

Қостанай қаласы бойынша МКБ ұжымы барлық зейнеткерлерге зор денсаулық ұзақ өмір, бейбітшілік пен амандық тілейді!

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.