Date of publication: 01.11.2024 17:51
Date of changing: 01.11.2024 17:52

2024 жылғы 25 тамыздан бастап "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" ҚР заңына мынадай өзгерістер енгізілді.

Соттан тыс банкроттық рәсіміндегі инновациялар рәсімге қатысатын кредиторлар тізімін кеңейтуге мүмкіндік береді. Енді рәсімді банктік қарыз (кредит) шарттары және жеке тұлғаларға микрокредит беру туралы шарттар бойынша талап ету құқығы тиесілі барлық ұйымдар алдындағы міндеттемелер бойынша қолдануға болады. Яғни, егер ұйымның мәртебесіне (лицензиясынан айырылған, тарату сатысында, тізілімнен шығарылған) және нысанына қарамастан тиісті шарттар бойынша талап ету құқығы болса, борышкер соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.

Сондай ақ соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтініш беру рәсімі жеңілдетілді:
1) борышкер өтініште кредитор туралы, борыш сомасы туралы мәліметтерді көрсету және қандай да бір құжаттарды қоса беру міндетінен босатылған;
2) соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану үшін төлемнің болмау мерзімін есептеу:
1 АЕК-тен кем борыштар бойынша төлемдер өтеу болып есептелмейді, ал коллекторлық агенттікке берілген шарттар бойынша өтеудің болмау мерзімі соңғы төлем күнінен бастап құқық (талап)басқаға берілгенге дейін есептелетін болады;
3) реттеуді жүргізу мерзімдері:
егер төлемдердің болмау мерзімі 12 айдан асса, қарызды реттеу талап етілмейді.

Соттан тыс банкроттық рәсімін банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы 1600 АЕК-тен кем борыштар бойынша қолдануға болады (борыш 5,9 млн теңгеден аспайды).

Өтініш электрондық үкімет порталы арқылы беріледі (egov.kz), сондай-ақ eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы. Рәсім 6 айға созылады, ол аяқталғаннан кейін банкроттың міндеттемелері тоқтатылуға жатады.