
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2024 жылғы 12 қарашада тауарлардың кедендік құнын бақылау кезінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарында баға ақпаратын пайдалану тақырыбында сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларымен және кеден өкілдерімен дөңгелек үстелі өткізілді.
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың хабарлауынша, тауарлардың кедендік құнын бақылау тәртібі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 27 наурыздағы №42 "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылауды жүргізудің ерекшеліктері туралы ереже" шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, дөңгелек үстелге қатысушылардың назарына әкелінетін шетелдік тауарларды декларациялау жағдайында эқаб ЕАЭО аумағында ресімделген тауарлардың кедендік құны туралы ақпаратты сайттан ала алатындығы туралы ақпарат жеткізілді http://kgd.gov.kz
Бұдан басқа, қатысушыларға "Кеден" АЖ-да төленген сомаларды есепке алуды ұйымдастыру үшін транзиттік декларацияны беру, тіркеу жөніндегі функционалдың іске қосылуына байланысты АСТАНА-1 АЖ-да кедендік декларацияларды бір мезгілде шығару кезінде Кеден АЖ-да транзиттік декларацияны шығару үшін 106119 ББК пайдалану белгіленгені туралы айтылды.
Резидент емес жеке тұлғалар транзиттік декларацияны шығару кезінде төлемді КБК 106201-де ЖСН бойынша жүргізуі тиіс.