
Жалпыға бірдей декларациялаудың IV кезенің енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс аясында, 13.11.2024 ж. Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті академик Зулхарнай Алдамжаров атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің оқытушылар құрамы және студенттерімен семинар өткізді.
Спикер ретінде Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Шынар Жұмабайқызы Жұмабай сөз сөйледі. Түсіндіру нәтижесінде туындаған мәселелерді талқылау жөнінде диалог алаңы өтті, онда барлық қойылған сұрақтарға спикер толық жауап берді.
Сондай-ақ, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың IV кезеңі басталатынын, оған жеке ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар, зейнеткерлер, студенттер, үй шаруасындағы әйелдер және т. б. қатысатынын еске саламыз.
Аталған тұлғалар 2025 жылы өздерінің шетелдік мүлкін, банктік шоттарын және қолма-қол ақшаларын көрсететін 250.00 нысанындағы активтер мен міндеттемелер туралы кіріс декларациясын тапсыруы тиіс