
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекеттік кірістер комитеті корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдері салық кодексінің 305 - бабы 5-тармағы 3) тармақшасының талаптарын бұза отырып есептелген салық төлеушілер-заңды тұлғалардың атына хабарламалар жібергенін назарға жеткізеді.
Естеріңізге сала кетейік, декларацияны тапсырғаннан кейінгі аванстық төлемдер алдыңғы салық кезеңінде есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының төрттен үш бөлігі мөлшерінде есептеледі.
Сонымен қатар, хабарламаның бар-жоғын "салық төлеушінің кабинеті" веб-сайтының және "электрондық үкімет" порталының көмегімен тексеруге болады еgov.kz.
Қостанай облысы бойынша МКД қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылдауды болдырмау үшін салық міндеттемелерін алдын ала орындауды ұсынады (ҚР ӘҚБтК 278-бабының 3-бөлігі).