Date of publication: 03.12.2024 12:41
Date of changing: 03.12.2024 12:42

ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНА САЛЫҚТЫҚ КҮНТІЗБЕ

САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ БОЙЫНША

2024 ж. 17 желтоқсан:
2024 ж. қазан айына 400.00 және 421.00 нысандары – акциз бойынша декларация және салық салуға қатысты құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер бойынша есеп айырысу.

2024 ж. 20 желтоқсан:
2024 ж. қараша айына 328.00 нысаны –тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш.

2024 ж. 31 желтоқсан:
101.02 нысаны – 2024 ж. КТС бойынша аванстық төлемдер сомаларының қосымша есебін ұсынудың соңғы мерзімі.

ТӨЛЕМДЕР БОЙЫНША

2024 ж. 5 желтоқсан:
2024 ж. қараша айына ЖТС – жеке нотариустардың, сот орындаушыларының, адвокаттардың және кәсіби медиаторлардың табыстарынан.

2024 ж. 20 желтоқсан:
2024 ж. қараша айына ЕАЭО-да ҚҚС;
2024 ж. қараша айына акциз, ЕАЭО-дан импортталған тауарларды қоса алғанда.

2024 ж. 25 желтоқсан:
2024 ж. желтоқсан айына КТС аванстық төлемдері;
2024 ж. қараша айында төленген табыстардан төлем көзінен ұсталған КТС, ЖТС;
2024 ж. қараша айында төленген табыстардан ЖТС;
Арнайы мобильді қосымшаны қолдана отырып АСР қолданатын ЖК-нің 2024 ж. қарашаайындағы табыстарынан ЖТС;
2024 ж. қараша айына бірыңғай төлем;
2024 ж. қараша айына әлеуметтік салық;
2024 ж. қараша айына әлеуметтік аударымдар;
2024 ж. қараша айына МЗЖ;
2024 ж. қараша айына МКЗЖ;
2024 ж. қараша айына ЖБМЗЖ;
2024 ж. қараша айына МӘМС бойынша жарналар мен аударымдар.