Date of publication: 04.12.2024 11:52
Date of changing: 04.12.2024 11:52

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы халыққа Телеграм қосымшасында @SalyqBot сілтемесі бойынша калькулятор сервисі әзірленгенін еске салуға асығуда. Калькулятор қызметін таңдап, сіз көлікті есептеу калькуляторын, өсімпұлды есептеуді таңдай аласыз. Осы бөлімге кіру үшін https://t.me/SalyqBot?start=help_decl сілтемесі бойынша QR кодын пайдалануға болады.

Сондай-ақ SalyqBot көмегімен Сізде:

- өзекті анықтамалық ақпаратты білу, салық күнтізбесін пайдалануға;

- түйінді сөздер бойынша салық және кеден заңнамалары бойынша пайдалы ақпарат алуға;

- тіркелу арқылы есептілікті берудің, салық төлеудің алдағы мерзімдері туралы еске салатын push-хабарламаларды, сондай-ақ пайдалы жаңалықтар мен хабарламаларды (ақпарат пайдаланушының-жеке немесе заңды тұлғаның мүддесін ескере отырып жіберіледі) алуға;

- банк шоттарын бұғаттан шығару, жеке тұлғалардың банкроттығы, жеке тұлғалардың көлігіне, жеріне және мүлкіне салық төлеу мәселелері бойынша жедел көмек алуға;

- егер сіз заңды тұлға болсаңыз, төленген сомалар туралы мәліметтер алуға мүмкіндігіңіз бар.
@Salyqbotқа тіркеліп, цифрлық салық кеңесшісінің қызметін пайдаланыңыз!

Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы