
Құрметті салық төлеушілер!
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылғы 7 желтоқсанда сағат 18:00-ден 2024 жылғы 8 желтоқсанда 17:00-ге дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің сервелерінде жүйенің жұмыс істеу қабілетін оңтайландыру және жақсарту мақсатында техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды. Көрсетілген уақыт аралығында «ЭШФ» АЖ қол жетімді болмайды.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 412-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және ТІЖ ресімдеу қағидаларының 64, 65-тармақтарына (2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 Бұйрығы) сәйкес, қажет болған жағдайда салық төлеушілер қағаз ТІЖ, ЭШФ рәсімдеуге және «ЭШФ» АЖ енгізуге құқылы:
- 2024 жылғы 9 желтоқсаннан бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз тасығышта жазып берілген шот-фактура;
- 2024 жылғы 9 желтоқсаннан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжат.
Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды.