Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жергілікті өндірушілердің, сондай-ақ, сырттан әкелінетін алкоголь өнімдерінің (АӨ) айналымына тұрақты түрде бақылау жүргізеді.
АӨ сатуға және жоюға лицензиялар беріледі, АӨ өндірушілері акциздік посттар арқылы бақыланады, тұрақты түрде бар есепке камералдық бақылау жүргізіледі, сонымен қатар тапқырыптық тексерулер және жедел іздестіру іс шаралары жүргүзіледі.
2015 жылғы 1 тоқсанда алкоголь өнімдерін сатуға 273 лицензия берілді, сондай-ақ 95 тақырыптық тексеру келесі сұрақтар бойынша жүргізілді:
- Мемлекеттік кірістер органдарында тіркеу есебіне тұрғызу;
- АӨ сатуға лицензияның болуы;
- Есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы;
- АӨ үстеме жолдамалардың бары және растығы;
- АӨ бөлшектеп сатуға ең аз бағаны сақтау (ең аз баға 1 литрге 1300 теңге - 16.03.2015 жылғы №143 ҚР Үкіметінің Үкімі).
Тектеру нәтижесі бойынша соммасы 1,600 млн. теңгеге үстеме жолдамаларсыз 2 600 литр АӨ кәмпескіленді, 11 млн. теңгеден артық әкімшілік айппұл салынды.
Бұдан басқа құжаттарсыз 24 млн. теңге соммасына 20 тонна спирт алып тасталынды бұл өнім сот арқылы 1,200 млн. теңге айыппұл салынумен этил спиртінің мемлекет кірісіне тәркіленіп алынды.
Осымен қатар «Алкоголь өнімдерін мемлекеттік реттеу және айналдыру туралы» Заңға қайшы келетін, белгіленген тәртіппен тіркелмеген, Қазақстан Республикасының ЕАБМ-сыз, пластикалық ыдыстарда, Ресей Федерациясынан тыйым салынған спирттік ішімдіктерді тасымалдайтын, сататын тұлғаларды анықтау бойынша жедел іздестіру іс шаралары жүргізілді, осылайша:
2015 жылғы 5 ақпанда Қарабалық кентінде 10 млн. теңгеден астам соммаға Ресей Федерациясының 1712 бөтелке алкогольді өнімдері айналымнан алынып тасталынды;
2015 жылғы 19 ақпанда Затоболь кендінде 353 мың теңгеге Ресей федерациясының 315 литр алкогольді өнімі айналымнан алынып тасталды;
2015 жылғы 3 сәуірде Рудный қаласында Ресей өндірушілерінің 230 литр алкогольді өнімі айналымнан алынып тасталды;
Қазақстан-Ресей шекарасында көлік құралы 9,2 млн. теңге үстеме жолдамаларсыз 14 мың бөтелке АӨ ұсталды.
Барлық материалдар бойынша құқықтық істер қозғалды (ҚР ҚК 214 б.1т – тіркеусіз кәсіптік қызметпен айналысу, осындай қызметке арнайы есеп лицензия тікелей тыйым салынған айналысу) – алкогольді өнімдерді алып таустау арқылы әкімшілік айыппұл салынды.
Айтылған жұмыс ерекше бақылауда, импорттық алкогольді өнімдерінің өтімін және жеткізу каналдарын әшкерелеу бойынша арнайы іс шаралар өткізіледі.