
Жалпыға бірдей декларциялауды іске асыру және енгізілген өзгерістерді түсіндіру шеңберінде 01.01.2025 жылдан 09-10.01.2025 ж. Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке практикамен айналысатын адамдармен ZOOM-семинар өткізді.
Департаменттің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Шынар Жұмабай сөз сөйлеп, 01.01.2025 жылдан бастап өз қызметінен алынған кірістер бойынша жеке практикамен айналысатын тұлғалар ағымдағы жылдан бастап жойылмаған 240.00 нысанындағы жеке табыс салығы бойынша декларацияның орнына 270.00 нысанындағы кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыруға міндетті екенін түсіндірді. Сондай – ақ жеке тұлғалардың декларацияларын (250.00 және 270.00 нысандары) толтыру тәртібі мен мерзімдері тындаушыларға жеткізілді