Date of publication: 11.02.2025 16:12
Date of changing: 19.02.2025 14:11

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылғы 7 ақпанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің «Сервистік мемлекеттік қызмет: кадр жұмысындағы жетістіктер, этика және цифрландыру» тақырыбында өткізген іс-шарасына қатысты, оған TED -style презентациялары да кірді.

Бұл іс-шара мемлекеттік қызмет саласындағы үздік тәжірибелер мен жетістіктермен алмасуға, сондай-ақ кадр саясатының, этикалық стандарттар мен цифрландырудың өзекті мәселелерін талқылауға бағытталған, онда департамент атынан Адам ресурстары басқармасы қызметтік тергеу бөлімінің басшысы Куаныш Жанзакович Компаков баянда мажасады.

Сондай-ақ, «Е-қызмет» АЖ-дағы сапалы жұмысы үшін Адам ресурстары басқармасы персоналмен жұмыс бөлімінің басшысы Татьяна Павловна Попович Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің грамотасымен марапатталды.