
Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жеке сот орындаушылары Байтанов К.Н., Джармухамедова Б.Е., мен бірлесіп, 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы бойынша салық берешегін өндіру бойынша бірлескен рейд жүргізілді.
Жүргізілген рейд нәтижесінде борышкерлер жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы бойынша 180 мыңнан астам теңге көлемінде салық берешегін өтеген.
Салық бұйрығы орындалмаған жағдайда атқарушылық құжаттың негізінде жеке сот орындаушылары берешекті мәжбүрлеп өндіріп алуды жүргізеді: тіркеу әрекеттерін шектеу, салық төлеушінің елден тыс жерлерге шығуы, борышкерді, банктік шоттарды және өзге де мүлікті қамауға алу, көлік құралын айыппұл салуға қамауға алу, жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру. Сонымен қатар, сот шығындары қарыз сомасының 25% - на дейін өндіріліп алынады.
Салық берешегі болған жағдайда жеке тұлғалар шот ашу, ақша аудару және кредит ресімдеу бойынша банктік қызметтерді ала алмайтынын хабарлаймыз.